Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргінші қызды қағып кетті

0
270

Оқиға 12 тамызда Бостандық ауданында болған.


Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргінші қызды қағып кетті

Фото: Желі кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда жолаушылар автобусы 30 жастағы қызды қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан қаза тапты, деп жазады stan.kz.

Оқиға 12 тамызда Бостандық ауданында болған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мұстафин көшесімен келе жатып, 1996 жылы туған қызды қағып кеткен.

Өкінішке қарай, жаяу жүргінші алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.