Алматыда жігіт екінші кездесуде қызды пышақтап, мәйітін жартастан лақтырып жіберген

0
177

Қыз жігітіне өзінің “эскортпен” айналысатынын айтқан.


Алматыда жігіт екінші кездесуде қызды пышақтап, мәйітін жартастан лақтырып жіберген

Фото: ЖИ

ERNUR.KZ. Алматыда жігіт екінші кездесуде 19 жастағы қызды пышақтап өлтірді, деп жазады stan.kz.

Өткен жазда Тараз қаласының тумасы 22 жастағы Қайрат Анаров Алматыға келген. Жігіт “Дайвинчик” желісі арқылы 19 жастағы Арунамен танысады. Түркістандық қыз Нархоз университетінде 2 курс оқыған екен.

Алғашқы кездесуде екеуі көлікпен қаланы аралап, тағы кездесуге келіскен. Екінші кездесуде де осылай көлікке отырған. Сөзінше, сол кезде қыз біреумен жиі хат жазыса бастады. Оның ұялы телефоны қоңыраулары жігіттің шамына тиген. Сол кезде қыз жігітке “эскортпен” айналысатынын айтқан. Қайрат оны болашақ жары ретінде көргендіктен, екеуінің арасында кикілжің болды. Анаровтың сөзінше, сол кезде Аруна оның ата-анасын балағаттап, Қайраттың жақында қайтыс болған әкесін маскүнем деп атады-мыс.

"Ата-анам мұндай балағат сөздерге лайық емес болғандықтан, мен өзімді ұстай алмай қалдым да, көлігімнен пышақ алып, Арунаға пышақ сұғып алдым. Қайда, қалай, қанша рет пышақтап тастадым, білмеймін, жәбірленушінің балағат сөздерінен өзімді басқара алмай қалдым", – деді жігіт.

Сот-медициналық сарапшылар мен тергеушілер сөзінше, Қайрат оның ішінен пышақты сабына дейін сұққан. Қыз қатты ауырсынудан жылап жатқанында оны жігіт бетінен ұрған.

"Кеуде қуысына пышақпен тесілген жарақат түрінде алған жарақаты салдарынан Аруна жедел қан жоғалтудан оқиға орнында мерт болды" делінген іс материалында.

Қыздың өлгенін түсінген Қайрат оның денесін көлігінің жүк салғышына салып, Алматының шетіндегі "Монтажник" бағбандық бірлестігінің жанындағы жартастың үстіне лақтырып жіберген. Ал пышақты терезеден лақтырып жіберген.

Пышақ Оспанов көшесіндегі Royal Tulip қонақ үйінің жанында бірнеше күн жатты. Наурызбай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сол жерден пышақты тәркіледі.

Қайрат көлікті жалға беретін дүкенге көлікті тапсыратын кезде iPhone 11 телефонын тауып алады. Ол телефонды Верный ломбардына 45 000 теңгеге беріпті. Одан кейін Құрбан айт мерекесін тойлауға анасымен бірге Астанаға аттанған.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақытхан Бәкірбаев Қайрат Анаровқа 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.