Алматыда тортқа таласқан жұрттың видеосы тарады (ВИДЕО)

0
193

Бұған дейін бірнеше рет осындай жағдай болған.


Алматыда тортқа таласқан жұрттың видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Алматыда тегін тамаққа таласқан жұрт бір-бірін таптап кете жаздаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жаңа мейрамхананың ашылуына байланысты жиналғандарға тегін торт пен суши таратылған.

Желіде жария болған видеода ұйымдастырушылар әуелі енсіз ұзын үстелге торт қойып, алып шыққан. Олар кезектің алдында тұрған балаларға торт тілімдерін ыдысқа салып берген. Алайда артта тұрған қауым оларды күшпен ығыстырды. Ақыр соңында тамаққа талас басталып кеткен. Қалың топтың ішінде кішкентай балалар да бар.

Желі қолданушылары оларды сынап жатыр.

«Не болды, аштықтан келгендей», «Біздің елде тегін беру дегенді жасамау керек, халық ондайга дайын емес», «жабайы десе ренжиді, өз сүйкімдеріңді кетіріп, не болды, халқым», «адамдарға мәдиетті болу керек, балаларын тәрбиелеу керек, 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз ғой», «көрудің өзі ұят», «Африкада адамдар тамақты кезегін күтіп алады», - деп жазған олар.