Алматыда такси жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жолаушы ауыр жарақат алды

0
384

Жол-көлік оқиғасы 7 тамызда таңертең сауда орталықтарының бірінің маңында болған.


Алматыда такси жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жолаушы ауыр жарақат алды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматыда такси жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына ұшырады. Көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы әйел ауруханаға жеткізілді, деп жазады stan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 7 тамызда таңертең сауда орталықтарының бірінің маңында болған.

Hyundai жүргізушісі рөлде бірнеше секундқа көз ілініп кеткенін айтқан. Осы сәтте көлік жол жиегіне қарай ауып, тұрақта тұрған жүк көлігінің артқы бөлігіне соғылған. Соққыдан кейін жеңіл көлік бірнеше жолақты кесіп өтіп, жол қоршауына барып тірелген.

Апат кезінде негізгі соққы жолаушы отырған жаққа тиген. Көлік қатты майысқандықтан әйел салонда қысылып қалған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар оны көліктен арнайы құралдардың көмегімен шығарған. Жолаушы мен жүргізуші ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол апатына байланысты тергеу басталды.