​Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі сезілді

0
185

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.


​Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Фото: Jibek Joly

ERNUR.KZ. Қазақстанның ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі 2 қыркүйек күні, сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Координаттары: 40.782° с.е., 78.865° ш.б. Жерасты дүмпулерінің тереңдігі – 5 шақырым.
Энергетикалық класы – 12.3, магнитудасы – MPV 5.7.
Алматыда жер сілкінісінің қарқыны (MSK-64 шкаласы бойынша) 2 балл болып сезілді.