Алматыда сарқырама маңында жарақат алған жасөспірім құтқарылды

0
166

Қыз бала 2650 метр биіктікте аяғын жарақаттап алған.


Алматыда сарқырама маңында жарақат алған жасөспірім құтқарылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Алматының Бостандық ауданындағы Шукур сарқырамасы маңында 16 жастағы қыз аяғын қайырып алып, өздігінен төмен түсе алмай қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2650 метр биіктікте болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары геолокация бойынша оқиға орнына жетіп, қызға алғашқы көмек көрсетті.

Құтқарушылар зардап шеккен қызды қауіпсіз түрде төмен түсіріп, ата-анасы күтіп тұрған жерге жеткізді. Кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.