Алматыда самокат мінген адам баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

0
148

Қазір тәртіп сақшылары кешенді іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.


Алматыда самокат мінген адам баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта самокат мінген адам баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, деп жазады zakon.kz.

Белгілі болғандай, бүлдіршін жарақат алған.

2025 жылғы 15 қыркүйекте қалалық полицияның баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Алматының Медеу ауданында электрсамокат жүргізушісі кәмелетке толмаған қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл дерек бойынша дереу тексеру басталған.

"Құқық бұзушының жеке басы жақын арада анықталады, ол заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазір тәртіп сақшылары кешенді іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.