Алматыда ойын кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды - дәрігерлер мән-жайды айтты

0
241

Оны зембілмен алып кеткен кезде футболшы кеудесін ұстап жатқан.


Алматыда ойын кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды - дәрігерлер мән-жайды айтты

ERNUR.KZ. Алматылық "Хан-Тәңірі" футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.


"Екібастұз" клубына қарсы кешегі ойын кезінде Диастың қалай жарақат алғаны көрінбей қалды. Бірақ бас кезінде ол аяғын ұстап жатқан. Одан кейін жағдайы мүлдем нашарлап кетті.
Эфир кезінде оны зембілмен алып кеткенін анық көруге болады. 19 жастағы футболшы кеудесін ұстап жатқан. Артынан Қазақстанның футбол федерациясы Диастың қайтыс болғанын хабарлады.
"Қазақстан футбол федерациясы "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып хабарлайды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз", - делінген ресми хабарламада.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сол жерде болған жедел жәрдем Диас Төлеуді орталық клиникалық ауруханаға жеткізген. Аураханаға түскенде футболшының тамыр соғуы мен артериялық қысымы болмаған. Ал көз қарашығы үлкейіп кеткен.
"Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасады. Алайда өмір сүру белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді", - дейді дәрігерлер.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама кезінде өлімнің себебі анықталады.