Алматыда қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірім төрт аптадан кейін табылды

0
184

Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады.


Алматыда қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірім төрт аптадан кейін табылды

Фото: facebook.com/baan.akimbaeva

ERNUR.KZ. Алматыда үйінен қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған 16 жастағы жасөспірім төрт аптадан кейін табылды, деп жазады Skifnews.kz.

16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады.

Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді.

“Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір”, – делінген жазбада.