Алматыда фотосессия кезінде 9-сынып оқушысы өзенге құлап кеткен

0
120

18 оқушы және олардың сынып жетекшісі Проходная өзенінің маңында фотоға түсуге барған.


Алматыда фотосессия кезінде 9-сынып оқушысы өзенге құлап кеткен

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Проходное шатқалы аймағында 9-сынып оқушысы фотосессия кезінде тау өзеніне құлап кетті, деп жазады stan.kz.

Оқиға 22 мамыр сағат 15:35-те болған. 18 оқушы және олардың сынып жетекшісі Проходная өзенінің маңында фотоға түсуге барған. Сол кезде оқушылардың бірі тайып кетіп, суға батып кеткен.

"Алматы қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіруге шықты. Қазірдің өзінде сағат 15:56-да бөгеттің алдында шамамен 500 метр жерде қыз судан шығарылды", – деп хабарлады құтқару қызметі.

Оқушы қыз есін жиған. Құтқарушылар оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.