Алматыда әйел автобуста жұрттың көзінше жалаңаштанып, киімін ауыстырды

0
571

Алматыда қоғамдық көлікте шешінген әйел елдің сынына қалды. Ол қасында отырған жас баладан да қымсынбай, үстіндегі киімін ауыстырып жатыр.


Алматыда әйел автобуста жұрттың көзінше жалаңаштанып, киімін ауыстырды

ERNUR.KZ. Бейнежазбадағы келіншектің кім екені әзірге белгісіз, деп жазады exk.kz.

Автобуста өзін үйде жүргендей еркін сезінген әйелдің әрекеті Instagram-дағы kris.p.almata парақшасында жарияланды. Онда белгісіз әйел шешініп, үстіне басқа киімін киіп жатыр. Бейнежазбадан қоғамдық көлікте үлкендерден бөлек, оқушылардың да тұрғанын байқауға болады.

Ал шешінген әйелдің қасындағы жас жігіт ұялғанынан теріс қарап отыр. Қоғамдық орында әдепсіздік көрсеткен жолаушының кім екені, оған қандай жаза болатыны әзірге белгісіз.



"Жазаға тартып, 20 тәулікке қамау керек", "Полиция қайда қарап отыр? Бала-шаға отыр демейді, ойына келгенін істеп отыр", "Ол ауру адам, мынандайды басы сау адам істемейді", "Ақыр заманның белгілері", "Бұл кісі аурушаң, қасында тұрып қалсаң біттің", - деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.