Алматыда фелдшерлерге пышақ ала жүгірген адам изоляторға қамалды

0
89

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.


Алматыда фелдшерлерге пышақ ала жүгірген адам изоляторға қамалды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматыда жедел медициналық көмек бригадасы шақырту бойынша науқасқа келген. Алайда сол жерде болған оның ұлы мас күйде болып, өзін агрессивті ұстаған. Қорқытып, айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алматы қаласы Жетісу ауданының полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

«Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.Қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел қызмет өкілдеріне қатысты кез келген агрессия мен қорқыту әрекеттері жол берілмейтінін атап өтеміз. Мұндай әрекеттер заңмен көзделген жауапкершілікке әкеледі.Алматы қаласының полициясы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне құрметпен қарауға шақырады. Сондай-ақ арандатуға ермеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге кеңес береді», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.