Алматы ІІД өкілдері көліктің қалалық ЖПҚ жол-патрульдік полициясына тиесілі екенін мәлімдеді.
фото: tengrinews.kz
Желіде жаңа маневрлі эвакутордың полиция көлігін алып бара жатқанының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео Алматыда түсірілген, полиция көлігін шығыс айналма жолымен әкетіп барады. Көліктің алдын ғана көтеріп, сүйреп кетіп бара жатыр.  Алматы ІІД өкілдері көліктің қалалық ЖПҚ жол-патрульдік полициясына тиесілі екенін мәлімдеді.  "Техникалық ақаулығына байланысты тасымал жасалды. Тимирязев және Байтұрсынұлындағы ЖПҚ ғимаратынан Рысқұлов-Жансүгіровтегі ІІД автошаруашылғына тасымалданды", - дейді полицейлер.   
 

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
