Алматыда екі қызды аяусыз соққыға жыққан адам ұсталды

0
791

Ол 1988 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны.


Алматыда екі қызды аяусыз соққыға жыққан адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда екі қызды аяусыз соққыға жыққан адам ұсталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қаланың Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Арыз түскеннен кейін бірден күдіктіні анықтауға және оны заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және тергеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 1988 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны", - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Полиция өкілдері аталған қылмыстық істі тергеу Департамент басшылығының бақылауында екенін атап өтті.