Өрт сөндіру бөлімшелері Айнабұлақ-4 шағынауданына жіберілді.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Алматы қаласының Жетісу ауданында екі автокөлік өртке оранды, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына жеткен кезде шамамен 10 шаршы метр аумақта екі автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.
– Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді, – делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.