Алматыда бойжеткен көпқабатты үйдің оныншы қабатынан құлап кетті (ВИДЕО)

0
118

Қыз құлаған кезде бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен.


Алматыда бойжеткен көпқабатты үйдің оныншы қабатынан құлап кетті (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Өткен түні Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы қыз оныншы қабаттан құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қыз құлаған кезде бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен. Зардап шеккен бойжеткен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға дейін қыз бен оның жігіті арасында жанжал болған. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полициясы.

Қазіргі уақытта бойжеткеннің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.