Алматыда бір топ қыз қатарласын аяусыз соққыға жыққан: Полиция қылмыстық іс қозғады (видео)

0
168

Алматыда бірнеше жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Алматыда бір топ қыз қатарласын аяусыз соққыға жыққан: Полиция қылмыстық іс қозғады (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда бір топ жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, жанжалға қатысқан барлық күдіктінің жеке басын анықтады, деп жазады stan.kz.

Алматыда бірнеше жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Оқиға Наурызбай ауданында болғаны хабарланып отыр.

Кадрларда бірнеше қыздың жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге құлатып, аяусыз соққыға жыққаны көрінеді. Ал болған оқиғаны олардың бірі ұялы телефонға түсіріп тұрған. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, қатысушылардың жасы шамамен 15-18 аралығында.

Желі қолданушыларының ашуын туғызған тағы бір жайт – видеоны жанжалға қатысушылардың бірі TikTok желісіне музыкамен бірге жариялағаны. Кейінірек жазба өшірілгенімен, видео әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.

Оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабарлады полиция.

Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік кінәлілерді заң аясында жауапқа тартуды талап етті. Тергеу нәтижесі бойынша күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабарлады полиция. Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік кінәлілерді заң аясында жауапқа тартуды талап етті. Тергеу нәтижесі бойынша күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Бұдан бөлек, журналист Михаил Козачковтың жазуынша, сәуір айында Алматы облысының Қаскелең қаласында бес қыз тоғызыншы сынып оқушысын мектептен кейін алдап шақырып алып, соққыға жыққан. Оның айтуынша, жасөспірімдер қызды тізерлетіп, кешірім сұрауға мәжбүрлемек болған. Бұған себеп ретінде жәбірленуші жергілікті "беделді" қыздардың біріне қатысты жағымсыз сөз айтқан деген уәж келтірілген.

Козачковтың мәліметінше, осы жарияланымнан кейін полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеген. Жақында журналист жәбірленушінің әкесімен сөйлескен. Әкесінің айтуынша, тергеу аяқталып, күдіктілердің әрқайсының рөлі анықталған. Енді олар жақын арада сот алдында жауап береді. Сондай-ақ, оның сөзінше, күдіктілер қазір жәбірленуші тараппен татуласуға ниет білдіріп отыр.

Осы оқиғаны мысалға келтірген журналист бүгін өзіне тағы бір видео жіберілгенін хабарлады. Онда бірнеше қыздың тағы бір қызды қорлап, ұрып-соғып жатқаны бейнеленген. Оның айтуынша, қатысушылар видеоны TikTok желісіне өздері жариялаған, алайда кейін өшіріп тастаған. Дегенмен, видео әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.

Жазба сипаттамасында аккаунт 14 жастағы Ананұр Арвахуноваға тиесілі екені көрсетілген. Козачковтың мәліметінше, қорлауға одан бөлек тағы екі-үш қыз қатысқан. Оның атап өтуінше, 14 жас Қазақстан заңнамасына сәйкес ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік басталатын жас.