Алматыда бетперде киген үш адам үй иелерін байлап, бағалы бұйымдарын ұрлап кеткен: видео

0
156

Шығын 500 миллион теңге болады.


Алматыда бетперде киген үш адам үй иелерін байлап, бағалы бұйымдарын ұрлап кеткен: видео

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 12 қыркүйекте болған. Күдіктілер маска тағып, Алматының Медеу ауданындағы жеке үйлердің біріне кіріп, қару қолдану арқылы зергерлік бұйымдарды, сәнді сағаттар мен ақшаны ұрлап кеткен. Шығын 500 миллион теңге болады.

"Осыдан кейін олар жәбірленушілерді байлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және былтыр Алматыда жасалған екі ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.