Куәгерлер төбелесті тоқтатпақ болған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыдағы барахолка аумағында екі жүргізуші арасында болған жолдағы жанжал төбелеске ұласты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде ер адамдардың бірі сөмкесінен пышақ шығарып, қарсыласына тап берген.
Оқиға орнына жиналғандар төбелесті тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алуға тырысқан.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.