Алматыда балалар үйіндегі өрт: жауапты комитет ресми мәлімдеме жасады

0
96

​Өрт болған үйді 35 бала паналап жүрген.


Алматыда балалар үйіндегі өрт: жауапты комитет ресми мәлімдеме жасады

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. Алматы қаласында өртке оранған балалар үйіндегі жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, аталған балалар үйі – жеке қайырымдылық ұйымы. Қазіргі уақытта онда 35 бала тәрбиеленіп жатыр. Бүгінде олардың жағдайы жақсы, қауіпсіз жерде орналасқан.

Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Оның құрамына қала әкімдігінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қорғаншылық органдары, Отбасыны қолдау орталығы және Психологиялық қолдау орталықтарының мамандары енді.

«Дәрігерлер балаларды толық тексеруден өткізіп, психологиялық көмек көрсетті. Балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды.
Қазір балаларды одан әрі орналастыру мәселесі қарастырылуда.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға қатысты барлық мәселелер толық шешілгенге дейін жағдайды жіті бақылауда ұстайды», – делінген ведомство хабарламасында.