Алматыда балабақшада бала екі қабатты төсектен құлап, жарақат алды

0
248

Құлағаннан кейін баланың басында ісік пайда болып, әлсіздік пен құсу белгілері байқалған.


Алматыда балабақшада бала екі қабатты төсектен құлап, жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматыдағы М. балабақшасында 3 жасар бала ұйықтап жатқан кезінде биіктігі 1,6 метр болатын екі қабатты төсектен құлап түсті, деп жазады baq.kz.

Құлағаннан кейін баланың басында ісік пайда болып, әлсіздік пен құсу белгілері байқалған.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Баланың анасының айтуынша, балабақша басшылығы кешірім сұрамаған және медициналық тексерудің ақысын төлеуден бас тартқан. Отбасы басқа ата-аналарға үндеу жасап, қауіпсіздік талаптарын қайта қарауды және мектепке дейінгі ұйымдарда ашық екі қабатты төсек пайдалануға тыйым салуды сұраған.

Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінде осы жағдпйға қатысты пікір білдірді.

Мұндай жағдайда ата-аналар алдымен медициналық сараптама жасатуы керек. Қорытынды негізінде бізге жүгініп, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарауға болады. Сонымен қатар СЭС-ке де хабарласу қажет, – деді ведомство өкілдері.