Алматы полициясы кез келген құқыққа қарсы әрекет пен қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа принципті баға берілетінін атап өтті.
ERNUR.KZ. Алматыда екі ер адам қоғамдық көлікте төбелес шығарды, деп жазады baq.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Қалалық полиция департаменті инцидентке қатысушылардың тұлғалары анықталғанын хабарлады.
Қазіргі таңда барлық объективті мән-жайларды анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр, – деп мәлімдеді департаментте.
Алматы полициясы кез келген құқыққа қарсы әрекет пен қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа принципті баға берілетінін атап өтті. Полицейлер қала тұрғындарын қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырды.