Алматының әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты.
Фото: threads.com/@tam1rka.axaxa
ERNUR.KZ. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған, деп жазады kaz.inform.kz.
BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.
“ Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр “,-деп хабарлады Алаты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


