Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды

0
106

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 балл болған.


Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды

Скриншот Google Maps

ERNUR.KZ. Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 2:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 балл болған.



Сейсмологтар мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі 2 баллдық қарқынмен сезілген.

Ал ТЖМ "Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" сейсмологтары жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқанын хабарлады. Бұл ретте Алматыда жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.

Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген болатын, сол кезде Тараз бен Шымкентте жер асты дүмпулері болжамды түрде 2 балл қарқынмен сезілді.