Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты

0
108


Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты

Фото: Видеодан алынған скрин


ERNUR.KZ. Алматыда жас жігітті бір топ адам ұрып-соққан. Оқиға 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі дәмхананың алдында болған, деп жазады kaz.inform.kz.

Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.


Оның айтуынша, ұлын шамамен 15-20 ер адам ұрып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Күдіктілер есінен танып қалған баласының басынан да тепкен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана зиян келтіру») бойынша іс қозғаған.

“ Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады “, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.