Алматы орталығында қоршауға алудың себебі айтылды

0
1 907

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.


Алматы орталығында қоршауға алудың себебі айтылды

ERNUR.KZ. Сейсенбіде кешке Алматы полицейлері Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің маңын қоршап алды. Куәгерлердің айтуынша, ол жерде криминалистер, өрт сөндірушілер, дәрігерлер және әскерилер болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.




Кейін Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

"5 қаңтарда сағат 16.45-те Алматы ПД щұғыл басқару орталығына Достық даңғылындағы аялдамада гранатаға (жарылғыш зат) ұқсас заттың табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжайға шұғыл қызмет шақырылып, қоршауға алынды. Көлік құралдары қауіпсіз жерге қойылды. Оқу-жаттығу гранатасы болып шықты. Қазір оның қайдан шыққаны және кімге тиесілі екені анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.