Lexus жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Alphard-пен бетпе-бет соқтығысқан.
фото: Rico_Loeb
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға "Алматы–Бішкек" тас жолының 107-шақырымында болған. Lexus жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Alphard-пен бетпе-бет соқтығысқан.
"Жол апаты кезінде 8 адам оқиға орнында көз жұмды. Ал екі адам ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.