Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

0
179

Қайғылы оқиға 21 маусым күні болды.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы – Бішкек бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы болып, бес адамның өмірі қиылды, деп жазады Skifnews.kz.

Оқиға трассаның 135-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жеңіл көлік – Mitsubishi Pajero мен Toyota Highlander соқтығысқан. Одан кейін соқтығысқа DAF жүк көлігінің тіркемесі де қосылған.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ол алдымен Toyota Highlander көлігімен, кейінірек жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында 5 адам қазақ тапты. Жол апатына қатысқан өзге азаматтар түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғады. Тергеу амалдары басталып, апаттың нақты себептері анықталуда.