Алматы облысында карантин күшейтіледі

0
446

Сенбі, жексенбі күндері тамақтану орындары 100 пайыз жабылады.


Алматы облысында карантин күшейтіледі

ERNUR.KZ. Қыркүйек айында Алматы облысының 74 тұрғынынан короновирус белгілері анықталса, қазан айында бұл көрсеткіш 138-ге жеткен, деп хабарлайды Хабар24.

Науқастанғандардың дені Талдықорған, Текелі қалалары мен Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында тіркеліп отыр. Сырқаттанғандар санының артуына байланысты өңірде карантиндік шектеулер енгізілмек. Ертеңнен бастап аймақта кинотеатрлар, караоке мен түнгі клубтар, көңіл көтеру орындары, атракциондар мен бассейндер қызметін тоқтатады. Көлік жуатын және жөндейтін нысандар кешкі алтыға дейін ғана жұмыс істейді. Жаттығу залдары, ойын сауық орталықтары 30 проценттік, моншалар 50 проценттік толтырылым негізінде қызмет көрсетеді. Мейрамханалар мен кафелер түнгі онда жабылатын болады. Ал сенбі, жексенбі күндері 2 мың шаршы метрден асатын киім-кешек сататын дүкендер мен тамақтану орындары мүлдем ашылмайды.


- Сенбі, жексенбі күндері тамақтану орындары 100 пайыз жабылады. Неге десеңіз, осы кезде той-томалақ өтеді. Біз адамдардың топтасуын тоқтата алмай отырмыз. Сондықтан осындай шектеу енгіздік, - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.