​Алматы мен Қырғызстанның Қаракөлі арасында тікелей рейс ашылады

0
114


​Алматы мен Қырғызстанның Қаракөлі арасында тікелей рейс ашылады

Фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 5 желтоқсанынан бастап Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясы Алматыдан «Қаракөл» халықаралық әуежайына тұрақты тікелей рейс ашады, деп жазады kaz.inform.kz.

Қырғызстан әуежайларының мәліметі бойынша, рейстер аптасына екі рет (жұма және жексенбі күндері) орындалады. Ұшу уақыты - 35 минут.

Алматы мен Қаракөл арасында әуе қатынасы бұған дейін 2010 жылдары болған, бірақ 1970 жылдан бері тұрақты рейс болмаған.

“ Жаңа рейс белсенді саяхатшыларға, ең алдымен Қаракөлді аймақтағы танымал шаңғы бағыттарының бірі ретінде таңдайтын қазақстандық саяхатшыларға арналған “, - делінген хабарламада.
Билеттерді www.asmanairlines.kg сайтынан онлайн немесе Asman Airlines мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Қарқыра-Автодорожный» шекара бекеті 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәулік бойы жұмыс істейтіні хабарланған болатын.