Алматы маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

0
118

Желіде жүргізуші 13 жаста болғаны айтылып жатыр.


Алматы маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. 13 қазанға қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында ВАЗ және Hyundai Grandeur көліктері жол апатына ұшырады. Қаза болғандар бар. Hyundai көлігін 13 жастағы бала тізгіндеген болуы мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

Не болған?

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жердің кадрлары тарады. Бейнежазбаларда зақымданған көліктер мен сол маңға жиналған ауыл тұрғындары көрінеді.

Полиция пікірі

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға шамамен 00:30-да болған. Алдын ала болжам бойынша, ВАЗ жүргізушісі Hyundai көлігіне жол бермеген.

"Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Осы уақытта әлеуметтік желілерде Hyundai Grandeur көлігінің рөлінде 13 жастағы жасөспірім болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл деректі әзірге растаған жоқ.

Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.