Оқиға Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің Водник-3 шағынауданында болған.
фото: видео кадры
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде жолдағы шұңқырға түсіп кеткен жүк көлігінің видеосы пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің Водник-3 шағынауданында болған.
Кадрларда ауыр жүк көлігінің артқы бөлігі жолдағы шұңқырға батып кеткені көрінеді. Бұл ретте оқиға орнында асфальт үйіндісі жатқаны көрінеді. Оны жүк көлігі әкелген болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.