Баланы күндіз Алматы - Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полицияға хабарлаған.
instagram/volontery_lider.kz_almobl
ERNUR.KZ. Еріктілер 2025 жылғы 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданынан табылған кішкентай қыздың анасын немесе жақын туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.
Еріктілердің мәліметінше, баланы күндіз Алматы - Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полицияға хабарлаған. Сырт келбетіне қарағанда, ол - шамамен 7-8 айлық сәби. Бүлдіршін ақ-қызғылт түсті комбинезон және қызғылт телпек киген.
Еріктілер баланың туыстары туралы ақпарат білетіндерден көрсетілген телефон нөміріне хабарласуды, директке жазуды немесе "102" арнасына қоңырау шалуды сұрайды.


