Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Фото: Александр Павский / Kazinform
ERNUR.KZ. Алматы әуежайының ішкі терминалында ер адам өзін өртеуге тырысты, деп жазады inform.kz.
Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, сағат 22:06-да ер адам әуежай кассасы маңында өзін-өзі өртеуге әрекет жасаған. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шұғыл өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.
- Аталған дерек бойынша Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Еске салайық, биыл 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенді.