Алғашқы аэротаксилер Қазақстанға 2028 жылы жеткізіледі

0
113

Бұған дейін Алматы мен Алатауда аэротаксилерге арналған вертипорттар желісі жобаланып жатқаны хабарланған болатын.


Алғашқы аэротаксилер Қазақстанға 2028 жылы жеткізіледі

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Қазақстанға алғашқы аэротаксилерді 2028 жылы жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы AI & Digital Bridge форумында Alatau Advanced Air Group компаниясының IT жөніндегі директоры Роман Богдашкин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Мұнда бізге де, Қазақстанға да қатысы жоқ белгілі бір шектеулер бар. Мұндай әуе кемелері – жаңа тип. Олар үлкен авиациядағыдай қатаң сертификаттаудан өтеді. (...) Бұл үдеріс бірнеше жылға созылады", - деді ол.

Әуе кемесімен ұшу құны туралы сұраққа Богдашкин:

"Коммерциялық модель әлі талқыланып жатыр. Әрине, оның бағасы кәдімгі таксимен жүрумен бірдей болмайды. Бірақ адамдардың Медеуге тез ұшып жетуіне шамасы жетеді деп ойлаймын", - деп жауап берді.

Аэротакси алғаш рет биыл мамыр айында Алатауда сынақтан өткізілді.