Әлеуметтік тұрғын үй дауы: Алматы облысында 101 млн теңге жымқырған үш адам сотталды

0
208

​Әлеуметтік тұрғын үй сатып алуға бөлінген қаржыға қатысты заңсыз схема әшкереленді. Сот үш адамға қатаң жаза тағайындады.


Әлеуметтік тұрғын үй дауы: Алматы облысында 101 млн теңге жымқырған үш адам сотталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған үш адам сотталды, деп жазады baq.kz.

Райымбек ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тұрғын үй сатып алудың заңдылығына талдау жүргізді. Талдау барысында 2019-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 596 млн теңгеден астам қаражатқа 55 тұрғын үй сатып алуға бағытталған мемлекеттік сатып алулар қамтылды.

Талдау нәтижесінде тұрғын үй құнын негізсіз көтеріп, кейін бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру және схемаға қатысушылар арасында бөлу фактілері анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген 101,4 млн теңге мөлшеріндегі залал анықталды, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

2026 жылғы 5 тамыздағы сот үкімімен үш адам ҚР ҚК-нің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7-8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды және тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген қаржының 60 млн теңгесі қолды болғанын хабарладық. ҚМА мәліметінше, жобаға салынған қаражаттың бір бөлігі күдіктінің бақылауындағы шоттарға аударылып, қолма-қол ақшаға айналған.