Әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

0
105

Стипендияны көтеруге арналған шығыстар да жоспарланған.


Әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Үкіметтің бүгінгі отырысында алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды, деп жазады sputnik.kz.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, әлеуметтік салаға арналған қаржының көлемі 10 трлн 725 млрд теңгені құрайды.
"Мұнда әлеуметтік төлемдерді 10 пайызға индекстеу және зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың 288 мың адамға өсуі ескерілді", - деді Тәкиев.
Оның айтуынша, стипендияны көтеруге арналған шығыстар да жоспарланған. Жалпы, 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары биылғы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғаяды.
Айта кетері, бүгін үкіметте 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, сондай-ақ ел экономикасының он жылдық даму болжамы бекітілді.