Алакөлде төтенше жағдай жарияланды

0
85

Мұндай шешім жағалаудың шайылу қаупіне байланысты қабылданған.


Алакөлде төтенше жағдай жарияланды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Абай облысындағы, Қабанбай ауылдық округінің аумағында орналасқан демалыс орындары мен инфрақұрылымға жағалаудың шайылу қаупі төнгеніне байланысты қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті атқарушы органның шешімі 10 қыркүйектен бастап күшіне енді. Ол Қазақстан Республикасының эталонды құқықтық актілер банкінде ресми түрде жарияланды.

Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева барлық төтенше қызметтердің дайындық режиміне көшірілгенін хабарлады. Олардың басты міндеті – қираудың алдын алу және туристік аймақты сақтау.

Алакөлдің жағалауында су деңгейінің көтерілуінен:

  • демалыс үйлерінің маңындағы жағалау шайылуы мүмкін;
  • туризм нысандарына материалдық шығын келуі ықтимал;
  • инфрақұрылым объектілеріне қауіп төніп тұр.

Осы жағдайларға байланысты табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.