Алакөлде катер 63 жастағы зейнеткерді қағып, мерт қылды

0
189

Қажетті сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды.


Алакөлде катер 63 жастағы зейнеткерді қағып, мерт қылды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Абай облыстық Полиция департаменті катер тізгінінде болған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қажетті сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды.

"Су көлігін басқару және пайдалану ережелері бұзылуының адам өліміне әкеп соғуы" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– Оқиға орнында уәкілетті органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.