Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

0
129

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

фото: Sputnik /Камшат Абдирайым

ERNUR.KZ. Алакөл көлінің айдынында екі гидроцикл соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 17 шілдеде болған.
Қазіргі уақытта Алакөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Полиция Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және оларды байлауға арналған құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес, навигациялық оттармен жабдықталмаған шағын көлемді кемелерді қараңғы уақытта пайдалануға тыйым салынатынын ескертті.
"Шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін және шағын көлемді кемелерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін 108 әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті шағын кемелердің иелері мен пайдаланушыларын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, тыйым салынған кезеңдерде кемелерді пайдаланудан бас тартуға шақырады.