Алакөл мен Балқашта демалушылар саны артты: полиция күшейтілген режимге көшті

0
122

Негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.


Алакөл мен Балқашта демалушылар саны артты: полиция күшейтілген режимге көшті

ERNUR.KZ. Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылар санының артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп жазады sputnik.kz.

Туристер легінің артуына байланысты негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
"Патрульдік полицияның қосымша жасақтары тартылып, мобильді бекеттер орнатылды, тәулік бойы патрульдік бақылау ұйымдастырылған. Назардың негізгі бөлігі жол қозғалысы ережелерінің сақталуына аударылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция дерегінше, тәртіп сақшылары жүргізушілермен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылдамдықты асырмау, көлікті мас күйінде басқармау, қауіпсіздік белдігін тағу, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін ескертіп отыр
Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін полиция қызметкерлері ресми кемпингтер мен демалыс аймақтарының орналасқан жерлері туралы ақпарат беріп жатыр