Атырауда әскери қызметкер көлігімен қағып кеткен әйел көз жұмды

0
99

​Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде әскери қызметкер отырған.


Атырауда әскери қызметкер көлігімен қағып кеткен әйел көз жұмды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырауда Hyundai Tucson көлігі жаяу жүргіншіні қағып, әйел оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде әскери қызметкер болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 6:30 шамасында Водник-3 шағынауданында болған.

Полицияның мәліметінше, Hyundai Tucson жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік тізгінінде Водник шағынауданында орналасқан әскери бөлімнің әскери қызметкері болған.