Қайтыс болғандар – анасы және оның 10 және 6 жасар баласы екен.
ERNUR.KZ. 19 маусым Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде Honda көлігі өртенді. Өртенген көліктің ішінен үш адамның денесі табылды, деп жазады stan.kz.
Өрт шыққан бойда өрт сөндірушілер оқиға орнына тез жетті. Дегенмен оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
Олардың барлығы қала маңындағы Сазды ауылының тұрғындары екені анықталды. Қайтыс болғандар – анасы және оның 10 және 6 жасар баласы екен.
Бір зардап шегушінің денесінің жоғарғы бөлігін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. 54 жастағы ер адам есін жиып, ем қабылдап жатыр.
Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң, сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.


