Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жол-көлік оқиғасы Рауан елді мекенінің маңындағы тасжолда болды. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бес жолаушы жарақат алды. Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып, себептері тексеріліп жатыр.