Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

0
118

Үш адам ауруханаға жеткізілді.


Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысындағы көпірде үш автокөлік қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні сағат 22:00-де болған.

Lexus маркалы автокөлігінің жүргізушісі Subaru көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан кейін Subaru көлігі одан әрі лақтырылып, сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігіне қайта соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдары ауыр болды: Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы адам өліміне әкелетін жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды.

Тағы үш адам жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді.