​Ақтөбеде Toyota Alphard жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам мерт болды

0
109

Оқиға Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында болды.


​Ақтөбеде Toyota Alphard жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам мерт болды

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

ERNUR.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, оқиға 15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында болды. Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты, деп жазады kaz.inform.kz.
“ Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard маркалы минивэн мен Volvo маркалы жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оқиға болған жерді қарау барысында жол жамылғысының асфальтбетон әрі тегіс екені анықталды. Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс жүргізу ережесіне сәйкес тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу енгізілген “,- деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.