Ақтөбеде тергеу изоляторына сөмкенің ішіне жасырын тігіп, телефон кіргізбек болған

0
152

Белгілі болғандай, аталған тыйым салынған затты 65 жастағы қала тұрғыны мекемеде қамауда отырған ұлына жасырын түрде жеткізбек болған.


Ақтөбеде тергеу изоляторына сөмкенің ішіне жасырын тігіп, телефон кіргізбек болған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторында тыйым салынған затты мекемеге жасырын алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп жазады Zakon.kz.


Мекемеге тапсырылған сәлемдемені рентген-телевизиялық құрылғы арқылы тексеру барысында сөмкенің ішіне жасырын тігілген Redmi ұялы телефон анықталып, тәркіленді.

Белгілі болғандай, аталған тыйым салынған затты 65 жастағы қала тұрғыны мекемеде қамауда отырған ұлына жасырын түрде жеткізбек болған.

Әйел өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.