Ақтөбеде полицейлер өзіне қол салмақ болған көпбалалы ананы құтқарды

0
85

14 қазан күні полицияға ер адамнан үрейлі хабарлама келіп түскен.


Ақтөбеде полицейлер өзіне қол салмақ болған көпбалалы ананы құтқарды

Фото: tumba.kz

ERNUR.KZ. Ер адам жұбайының қоштасу хатын жазып, өз-өзіне қол салмақ болғанын айтып, көмек сұрайды. Хабарды алған сәтте ол жұмыста жүрген, алайда жұбайының соңғы хабарламасын оқып дереу полицияға жүгінген, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша патрульдік полиция батальонының инспекторлары өзіне қол жұмсамақ болған әйелдің өмірін сақтап қалды. Шұғыл шақырту алған патрульдік полиция батальонының инспекторлары – Темірбек Сәбит пен Танбай Орынбасарұлы бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетіп, әйелдің өмірін құтқару үшін батыл шешім қабылдады.

Полицейлер аулада орналасқан көше дәретханасында асылмақ болған әйелді байқап, бір сәт те кідірместен әрекет етті. Инспекторлар оны арқаннан босатып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Дер кезінде жасалған шешім мен кәсіби шеберліктің арқасында әйел аман қалды. Ол – төрт баланың анасы. Қазір дәрігерлердің бақылауында.