Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен үш адам құтқарылды

0
430

Өрт пәтер ішіндегі жиһаздан тұтанған.


Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен үш адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өрттен үш адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп жазады Azattyq Rýhy. .

Оқиға бүгін Астанин ауданы аумағында болған. Өрт пәтер ішіндегі жиһаздан тұтанған. Қалың түтін подъезді толтырғандықтан, ТЖМ қызметкерлері дереу эвакуация шараларына кірісті.

«Құтқарушылар үш адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді», — делінген министрлік таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.