Ақтөбеде қатты жел салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды

0
82

Қала тұрғындары төтенше жағдайлар қызметінің жылдамдығына қанағаттанбайды.


Ақтөбеде қатты жел салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды

фото: Предоставлено подписчиками газеты "Диапазон"

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қатты дауыл болып, салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде электр қуатын қалпына келтірумен 10 бригада айналысып жатыр.
"Энергожүйе" серіктестігі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб орналастырылды. Ақтөбе, Қорайлы, Пригородный, Маржанбұлақ, Алға, Мәртөк аудандарында электр қуатын беруді қалпына келтіріліп жатыр", - деді "Энергожүйе" ЖШС ресми өкілі Динара Жаналина.
Жаналинаның айтуынша, қажет болса, қосымша күштер тартылады. Компания ақтөбеліктерге шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұрады.